ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облыстық комиссиясының қорытындысына және Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының өкіміне сәйкес, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тоғызбаев Айдос Мүсірәлиұлы тағайындалды.
Айдос Мүсірәлиұлы коммуналдық шаруашылық, құрылыс, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларына жетекшілік етеді.
Мемлекеттік қызмет саласында 15 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Әр жылдары Түркістан облысының және Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменттерін басқарған. Осыған дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.