ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістандық шахматшы Сұлтанхан Нұрислам Орталық Азия чемпионатында блиц шахматынан топ жарып, чемпион атанды.
Дарынды спортшы 7 тур қорытындысы бойынша 6,5 ұпай жинап, 86 қатысушы бақ сынаған халықаралық додада жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Бұл – Түркістан спорты үшін үлкен жетістік әрі жас спортшыларға үлгі болатын жеңіс.
Нурисламды жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуы биік, жеңістері жалғаса берсін!