Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!

Құрметті тұрғындар мен қала қонақтары!
Сіздерді Turkistan Fashion Week халықаралық мәдени жобасына қатысуға шақырамыз!
Іс-шара түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын, ұлттық өнерін, дәстүрлі киім үлгілерін, заманауи дизайнерлік топтамаларын, қолөнерін және ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.
Бағдарлама аясында сән көрсетілімдері, театрландырылған қойылымдар, ұлттық өнер көрмелері және түркі әлемінің өнерпазы Мұрат Япрактың қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Барлық мәдени іс-шаралар мен концерттер Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін тегін ұйымдастырылады.
Келіңіздер, түркі әлемінің бай мәдениеті мен өнерін бірге тамашалап, ортақ құндылықтарымызды ұлықтайық!