Облыстық қоғамдық даму басқармасының және спорт басқармасының қолдауымен, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен спартакиадаға «Тұран БАҚ», 77 TV, «Ontustik» телеарнасы, «Жанубий Қозоғистон» газеті, «
Janubiy.kz» сайты, Turkistan телеарнасы, «Рейтинг-Собкор», АТО және «УАҚЫТ TV» командалары қатысып, спорттың 4 түрінен өзара бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар мен спортшылар марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.