ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Рашид Абатұлы әкім қабылдауына алдын-ала жазылған тұрғындарды кезегі бойынша жеке қабылдады. "Бекзат" мөлтек ауданы, "Абай" атындағы №31 жалпы орта мектебінде өткен жүздесуге 20-дан астам азамат шақырылды.
"Біздің халыққа қызмет етуіміз, осындай қызметте отыруымыз - сіздердің арқаларыңыз. Сіздерге қолайлы жағдай жасап, өтінімдеріңізді қарау - біздің басты міндетіміз. Сол себепті де, уақытымды сіздердің көкейлеріңіздегі сауалдарға құлақ түруге барынша бөліп отырамын", - деген Рашид Абатұлы жауапты басшыларға тұрғындардың сол ретте мәселесі шешілуі үшін тапсырма беріп, жедел қолға алуды ескертті.
Тұрғындар өз кезегінде біршама уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан газ, су, электр және тұрғын үй мәселесі бойынша сауалдарын қойды. Кей азаматтар сол сәтте жауаптарын алып, тиісті сала мамандарымен тілдесті.
Одан өзге, Рашид Абатұлы келер жылы бюджеттегі бүкіл қаржылардың бәрін қайда жұмсап жатқанын ашып көрсететін жүйе жұмыс бастайтынын айтып өтті. Сондай-ақ, алда салынатын аллеялар, саябақ пен скверлер де тұрғындар жобаға атсалысуы нәтижесінде жүзеге асады.
Жалпы, жеке қабылдаулар әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері жалғасатын болады.