ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ
Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының 6 сектор тұрғындарымен кезекті кездесулері өтетінін хабарлаймыз.
Кездесулердің мақсаты – тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап, ұсыныс-пікірлерін қабылдау, сондай-ақ қаладағы инфрақұрылым, абаттандыру, коммуналдық қызмет, қоғамдық көлік, әлеуметтік сала және өзге де маңызды бағыттар бойынша ашық пікір алмасу.
📍 КЕЗДЕСУ КЕСТЕСІ:
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЯССЫ СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 23 маусым 2026 жыл
🕚 Сағат 11:00 | Парасат саябағында өтеді.
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЛІК СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 23 маусым 2026 жыл
🕔 Сағат 17:00 | Үржар мен Алғабас көшелері қиылысындағы ойын алаңшасында өтеді.
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БЕКЗАТ СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 24 маусым 2026 жыл
🕚 Сағат 11:30 | Жарова көшесіндегі «Ынтымақ» аллеясында өтеді.
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САУРАН СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 24 маусым 2026 жыл
🕔 Сағат 17:00 | Жеңіс саябағында өтеді.
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ШАУҒАР СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 25 маусым 2026 жыл
🕚 Сағат 11:00 | Тұңғыш президент саябағында өтеді.
🔹 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОТЫРАР СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ
📅 25 маусым 2026 жыл
🕔 Сағат 17:00 | «Каскад» тұрғын үй кешенінің ауласында өтеді.
Құрметті тұрғындар!
Қала өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді білдіру үшін кездесулерге белсенді қатысуға шақырамыз.