СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2026 жылғы 16 маусымда Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында әкімдіктің дербес бөлімдеріне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша әзірленген анықтаманың алдын ала нұсқасын талқылау жиыны өтті.
Жиын барысында ішкі талдау қорытындылары таныстырылып, анықталған тәуекелдер мен оларды жоюға бағытталған ұсыныстар кеңінен қаралды. Сондай-ақ қатысушылар тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алынып, талдау нәтижелерін жетілдіру және тәуекелдердің алдын алу бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Түркістан қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ қоғам алдындағы есептілікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.