Биылғы жылдың алғашқы бес айында Түркістан қаласына келген туристер саны 250 мың адамға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2 пайызға артты.
Қазіргі таңда қала аумағында 72 орналастыру орны жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы 3 254 төсек-орынды құрайды.
Туризм саласын дамыту бағытында 2024–2027 жылдарға арналған жалпы құны 16,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба жоспарланған. Бүгінде олардың 8-і іске қосылып, қалған 3 жобаны жыл соңына дейін пайдалануға беру көзделген. Барлық жоба толық жүзеге асқанда 354 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, туристер үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде қалада 85 бағыттаушы тақтайша орнатылып, 4 ақпараттық смарт-киоск қызмет көрсетуде. Сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарының 80 пайызында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ас мәзірлері енгізілген.
Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әдһам Өмірзақ баяндады.