БИЫЛ 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ

БИЫЛ 614,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ӨСІМ 150,5 %-ДЫ ҚҰРАДЫ
Биыл Түркістан облысында инвестицияларды тарту индикаторы 1 трлн 783,9 млрд теңге көлемінде бекітілген. Осы жылдың 5 айының қорытындысымен 614,2 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 150,5 %-ды құрады. Ал 2025 жылдың қорытындысымен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд 998,2 млн АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 4 есе жоғары орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы елімізде 1 орында. 2026 жылға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жоспары 499 млн АҚШ долларын құрап отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.
Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвесторларды тарту және сүйемелдеу жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Әрбір жобаны тұрақты бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Биыл 369,4 млрд теңгеге 67 инвестициялық жоба іріктелген. 5 айдың қорытындысымен жалпы құны 42,4 млрд теңгеге 11 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 407 жұмыс орны ашылды.
Жиын барысында өңірде жаңадан іске асырылатын инвестициялық жобалар зерделеніп, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.