ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ГҮЛДЕНДІРУГЕ ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ЖОБАСЫН ҰСЫНА АЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫН ГҮЛДЕНДІРУГЕ ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ЖОБАСЫН ҰСЫНА АЛАДЫ
Қала тұрғындарының үніне құлақ түріп, жобалық ұсыныстарын іске асырып, олар қалаған жайлы жағдайларды жасау мақсатында «Халық қатысатын бюджеті» жобасы іске асырылып жатқанын хабардар еткен болатынбыз. Бұл қала аумағында демалыс орыны, яғни аллея немесе саябақ салуға мүмкіндік береді.
Аталған жобаға кез-келген азамат "Amazing Turkistan" https://budget.amazingturkistan.kz және қала әкімдігінің ресми сайты (turakimat.gov.kz) арқылы қатыса алады.
Бүгінгі таңда қала тұрғындары тарапынан бір жоба ұсынылған. Жеке тұлғалардан ұсыныстарды қабылдау қараша айының соңына дейін жалғасады. Одан әрі #ХалықтықДауысБеру арқылы 10 ұпайдан жоғары жинаған жобалар Сараптамалық кеңеске ұсынылса, 10 баллдан төмендері кері қайтарылады.
Құрметті қала тұрғындары!
#ХалықтықЖобадан шет қалмай, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз!