Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына кері әсер ететін ең қауіпті қоғамдық құбылыстардың бірі. Ол билік пен халық арасындағы сенімді әлсіретіп, әділдік пен заң үстемдігіне нұқсан келтіреді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу – мемлекет саясатының маңызды басымдығы және әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады. 
Аталған заңмен, мемлекеттік міндетті атқаратын және де оларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, пайда табу сыбайлас жемқорлық деп анықталған. 
Мемлекеттік тиісті органдар сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелі түрде жалғастырып, пәрменді шаралар жүзеге асыруда екендігі баршаға белгілі. Оның айтарлықтай нәтижесі де бар. Олар туралы бұқаралық баспасөз бетінде, теледидар және  радио арқылы қоғам мүшелеріне жеткізіліп жүр.
Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты шаралар жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытыңдысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
Cыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. 
Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Жемқорлықты түбегейлі азайту үшін мемлекеттің де, қоғамның да бірлескен әрі жүйелі жұмысы қажет. 
Жемқорлыққа барған кез келген тұлға, лауазымына қарамастан, жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл қоғамға «жаза бұлтартпас» деген нақты сигнал береді.
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру, конкурстарды ашық өткізу – парақорлықтың алдын алудың тиімді жолы. Адам факторы азайған сайын жемқорлыққа жол қалмайды.  
Жемқорлық – елдің дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін індет. Ал оны жою – мемлекеттің де, қоғамның да ортақ және өзгермейтін міндеті. Әр адам өз ісінен бастаса – пара бермесе, заңсыздыққа жол бермесе, әділдік талап етсе – жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.   
Жалпы айтқандай, егер сіз әлемді өзгерткіңіз келсе, өзіңізді өзгертіңіз. Бұдан шығатыны, егер әрбір азамат әрқашан өзінен бастаса, мысалы, өз міндеттерін адал және әділ орындаса, онда сыбайлас жемқорлық азаяды.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықты жою үшін бүкіл қоғам күресуге тиіс.
Сонда ғана біздің еліміз сыбайлас жемқорлық жоқ әлемдегі мемлекеттердің біріне айналады.
                       
         
Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары З. Бимбетова