Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусым күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы: Түркістан қаласы Әмір Темір көшесі №28 ғимарат Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы.

Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

1. 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «инфрақұрылым және коммуникациялар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
4. Түркістан қаласы әкімдігінің «сәулет және қала құрылысы» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.