Рашид Абатұлы Түркістан қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай бойынша жеке парақшасында тікелей эфирге кіріп, ақпарат беріп өтті.
Соңғы дерекке сәйкес, Түркістанда екі азаматтан коронавирус расталып, үй карантинінде ем алуда, жағдайлары тұрақты. Шаһар басшысы, әлі де індет таралу қауіпін айтып, немқұрайлылық танытпай, қала тұрғындарынан карантин режимі талаптарын ұстануды сұрады.
Одан өзге, жаңадан салынып жатқан ауруханалар жайлы және "Amazing Turkistan" қосымшасына бүгінге дейін ізделген дәрі мен шағымдар бойынша ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, бүгінгі күнде ағаш отырғызып, қаланың дамуына күш салып жатқан аудандарға алғыс айтып, қала тұрғындарынан келешекте жайқалып, қолайлы жағдай туғызатын аумақтарындағы жасыл желекке ерекше назар аударуын өтінді.
Айта кетейік, қалада Түркістан облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы бойынша түрлі сала қызметкерлерінен құралған 6 мобильді және коронавирус, пневмониямен ауырған азаматтарды қарау мақсатында дәрігерлерден құралған 18 мобильді топ жұмыс жасауда.