Түркістандағы құрлық біріншілігінде Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды

Түркістандағы құрлық біріншілігінде Қазақстан тағы 8 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан командасы Түркістандағы байдарка мен каноэде ескек есуден юниорлар, U23 жас санаты мен параканоэден Азия чемпионатының 3-жарыс күнін тағы жүлдемен аяқтады.
Таңғы сессияда спортшыларымыз 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленгенін жазғанбыз.
Ал күндізгі жарыс бөлігінде тағы 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалады. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
🥇Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 200 метр)
🥇Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 200 метр)
🥇Тимофей Таранов, Даниил Коляда (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
🥇Егор Краснонос, Дмитрий Холмогоров (байдарка, U23, 500 метр)
🥇Байдаркадан U18 жас ұлдар командасы (500 метр) Мадияр Қанекен, Алексей Ширман, Нұртілек Иман мен Никон Дергунов.
🥇Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 500 метр)
🥇Байдаркадан U18 Қазақстан қыздар командасы (500 метр) Эвелина Костенко, Анна Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер.
🥇Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 500 метр)
🥈 Каноэ, U18 жас Қазақстан ұлдар командасы (500 метр) Дәулет Шалдар, Руслан Федотов, Әділбек Исроилов пен Савелий Лыжин.
🥈Владислав Руденко, Полат Төребеков (каноэ, U23, 500 метр)
🥉Зоя Прядка, Злата Прядка (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
🥉Каноэден U18 Қазақстан қыздар командасы, 500 метр (Милана Абдубаева, Ксения Сломинская, София Гизенка, Ульяна Иванова)
Ертең, 7 маусым Азия чемпионатының шешуші жарыс күні. Түркістандағы құрлық бәсекесіне 15 елден 300-ге жуық ескек есу шебері жиналды.
Ескек есуден Қазақстан Ұлттық федерациясының бас демеушісі - @samrukkazyna_official
Бас серіктесі - Спортты қолдау қоры