Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлігі мен тұтастығының айқын белгісі.
Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың тарихын, мәдениетін, ұлттық құндылықтары мен болашаққа деген сенімін бейнелейтін қасиетті нышандар. Әрбір азамат үшін мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттықтың көрінісі.
Осы мерекелі күні баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Әнұранымыз асқақтай берсін!

Тәуелсіз Қазақстанның тұғыры биік, мерейі үстем болсын!