ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА 9 ЖОБА ҚАРАЛДЫ

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА 9 ЖОБА ҚАРАЛДЫ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысына облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының сәулетшілері, Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, сондай-ақ Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес кеңесте жалпы саны 9 инвестициялық және әлеуметтік маңызы бар жоба қаралды. Атап айтқанда, футбол академиясының құрылысы, мектеп пен балабақша нысандары, тұрғын үй кешендері, сауда орталығы және «Тағзым» монументінің жобалары кеңес мүшелерінің талқысына ұсынылды.
Жиын барысында ұсынылған жобалардың сәулеттік келбеті, қала құрылысы талаптарына сәйкестігі, инфрақұрылыммен қамтылуы және жобалардың сапалық көрсеткіштері жан-жақты сараланды.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаралған жобалар бойынша нақты ұсыныстар мен ескертулер білдіріп, олардың қала келбетіне сай әрі сапалы жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті.
Нәтижесінде, қаралған 9 жобаның 5-еуі келісім тауып, облыстық кеңеске жолданды. Ал 4 жоба бойынша бірқатар ескертулер беріліп, оларды толықтырып, түзетулер енгізгеннен кейін қала құрылысы кеңесінің келесі отырысында қайта қарауға ұсынылмақ.
Сонымен қатар, кеңес барысында инвесторларға өздеріне жүктелген міндеттемелерді белгіленген мерзімде әрі толық көлемде орындау қажеттігі және тұрақты бақылауға алу қатаң ескертілді.