Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, ал өнер – халықтың жан дүниесін байытып, болмысын айқындайтын асыл қазына. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, рухани мұрамыз жаңғырып, өскелең ұрпаққа өнеге болып келеді.
Түркістан қаласының мәдени өмірін жандандыруға, халқымыздың өнері мен дәстүрін насихаттауға қосып жүрген үлестеріңіз зор. Сіздердің шығармашылық ізденістеріңіз бен адал еңбектеріңіз шаһарымыздың рухани дамуына серпін беріп, ел игілігіне қызмет етуде.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толайым табыс тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым ел құрметіне бөленіп, мәдениет пен өнердің мерейі үстем бола берсін!