Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары!

Құрметті Түркістан қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары және қонақтары!
Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындық және оны өткізу аясында ертең, 15 мамыр күні Түркістан қаласында автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, қоғамдық көліктердің қатынау сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Қоғамдық көліктердің жаңа қозғалыс сызбасымен келесі беттер арқылы таныса аласыздар.
Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол бойында орнатылған уақытша жол белгілеріне, бағыттаушы көрсеткіштерге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарына түсіністікпен қарап, бағынуды сұраймыз.