ҚАЛАДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАЛАДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан төрінде түркі әлемінің көшбасшылары бас қосатын маңызды тарихи сәтке санаулы күндер қалды. Осыған орай шаһардың сәулеттік келбеті мен тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жалғасуда.
Қала аумағында жасыл желектерді күтіп-баптау және олардың қалыпты өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар агротехникалық шаралар атқарылуда.
Атап айтқанда, ағаштардың түптері әктеліп, топырағы қопсытылып, артық жапырақтар жиналуда. Сонымен қатар, көгалды аймақтарда газон ору жұмыстары жүргізіліп, жасыл белдеулерге тұрақты күтім көрсетілуде.
Бұдан бөлек, саябақтар мен қоғамдық орындарда санитарлық тазалық шаралары күшейтіліп, қоршаған ортаның таза әрі тартымды болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.