АЯЛДАМАЛАР ТАЗАРТЫЛЫП, ЖАҢАРТЫЛУДА

АЯЛДАМАЛАР ТАЗАРТЫЛЫП, ЖАҢАРТЫЛУДА
Түркістан қаласында қоғамдық көлік аялдамаларының санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қала аумағындағы барлық аялдама павильондары мен орындықтар күнделікті тазартылып, жуылуда. Сонымен қатар, аялдамалардағы айналар мен өзге де құрылымдық элементтер жаңартылып, тозығы жеткен бөліктері қалпына келтірілуде. Бұзылған нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың эстетикалық келбетін жақсартуға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 438 қоғамдық көлік аялдамасы тұрғындарға қызмет көрсетуде. Соңғы үш жыл ішінде қала әкімдігінің қолдауымен 374 жаңа үлгідегі заманауи аялдама орнатылды. Алдағы кезеңде қосымша 100 аялдама орнату жоспарланып отыр.