Халықаралық саммиттің өтуіне және шетел мемлекеттері басшыларының келуіне байланысты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға ерекше жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Мекемелерге, жеке ұйымдарға, кәсіпкерлік нысандарына және жеке тұрғын үй секторларының тұрғындарына ерекше назар аудару қажет. Үй аумақтарында, ұйымдар мен оған іргелес жерлерде қоқыс, құрғақ шөп жағуға және ашық от жағуға жол бермеңіздер. Себебі мұндай әрекеттер өрттің және төтенше жағдайлардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз:
— жеке тұлғаларға – 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл;
— лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК (216 250 теңге);
— шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 200 АЕК (865 000 теңге);
— орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 300 АЕК (1 297 500 теңге);
— ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (2 162 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Құрметті қала секторларының өкілдері, аталған ақпаратты әрбір мекемеге, ұйымға және жеке сектор тұрғындарына жеткізулеріңізді сұраймыз.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігінің кепілі.