Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні – мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрмет.
Бүгінде ел қорғаны болып жүрген барша азаматтардың еңбегі зор құрметке лайық. Сіздердің Отан алдындағы адал қызметтеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен табандылықтарыңыз – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
Осы айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
Құрметпен,
Түркістан қаласының әкімі
Әзімбек Пазылбекұлы