Жалпы қала аумағында 2 миллионға жуық гүл көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда, шалпей, петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, колеус және целлозия секілді әртүрлі біржылдық және көпжылдық сәндік гүл түрлері егілді.
Гүл егу және көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, Әкімшілік-іскерлік орталығы аумағын, мәдени-рухани орталығы, халықаралық және жергілікті туристік нысандар маңын, сондай-ақ орталық көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді толық қамтиды.