Сіздерді 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл - еліміздегі барлық этнос өкілдерінің татулығы мен достығын, өзара сыйластығы мен ынтымағын айшықтайтын ерекше күн. Бірлік пен келісім- мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі.
Бүгінде көпұлтты халқымыздың арасындағы өзара түсіністік пен құрмет – ел дамуының басты құндылықтарының бірі. Татулық пен ынтымақтың арқасында біз кез келген сын-қатерді еңсеріп, ортақ мақсаттарға бірге қол жеткізіп келеміз.
Түркістан – тарихы терең, руханияты бай, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан қасиетті мекен. Бұл өңірде қалыптасқан бірлік пен береке – баршаға үлгі.
Осы мерекеде әр шаңыраққа амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
Құрметпен!
Әзімбек Пазылбекұлы,
Түркістан қаласының әкімі.