Түркістан қаласындағы Әмір Темір аялдамасы маңында орналасқан тарихи «Бақылау мұнарасы» бүгінде қала тұрғындары үшін жаңғырудан өтіп, жаңаша кейіпке енген.
1901 жылы салынған мұнара қазіргі таңда өңірдің тарихи-мәдени келбетін айшықтайтын әрі туристердің қызығушылығын арттыратын маңызды нысандардың біріне айналып келеді.
Бүгінде бұл орын қала қонақтары мен тұрғындары үшін танымдық және мәдени демалыс аймағы ретінде ерекше маңызға ие.