ТОРҒАЙДАН ТҮРКІСТАНҒА ТАНЫМДЫҚ САПАР

ТОРҒАЙДАН ТҮРКІСТАНҒА ТАНЫМДЫҚ САПАР
Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов бастаған делегация қазақ руханиятының көрнекті өкілі Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына орай Түркістан қаласына іссапармен келді.
Екі күнге жоспарланған сапар барысында қонақтар тарихи-танымдық нысандарды аралап, рухани-мәдени орындарға зиярат жасады.
Делегация құрамында Арқалық қаласында өткен «Жәнібек оқулары» байқауының 25 жүлдегер оқушысы да болды. Жас жеткіншектердің туған ел тарихын танып-білу мақсатында ұйымдастырылған мұндай сапарларға қатысуы – олардың рухани дамуына, отансүйгіштік қасиеттерінің қалыптасуына оң әсер ететіні сөзсіз.
Қонақтарға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы құрмет көрсетті. Кездесу барысында жас буынға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие тұжырымдамасы аясында жарық көрген «Адал азамат» тұлғалық даму күнделігі табысталды.