СЫҒАНАҚ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

СЫҒАНАҚ КӨШЕСІНДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Биылғы жылы Түркістан қаласы әкімдігінің жоспарына сәйкес, Бірлік секторына қарасты Сығанақ көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында ұзындығы 3 шақырымды құрайтын көшенің асфальт жабындысы мен жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолын толық жаңарту көзделген.
Бүгінгі күнге дейін жолдың асфальт қабатын фрезалау жұмыстары толықтай аяқталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан аяқжол салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Жоспарға сәйкес, асфальт төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының алғашқы онкүндігінде толық аяқталады деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.