ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ГҮЛ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЛАНЫ КӨРКЕЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ГҮЛ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Түркістан қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жүйелі жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1,5 миллионға жуық гүл егілді. Атқарылып жатқан бұл жұмыстар шаһардың сәулеттік келбетін жақсартумен қатар, тұрғындар мен қала қонақтары үшін қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыруға ықпал етуде.
Сонымен бірге, көгалдандыру жұмыстары үздіксіз жалғасып, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару және сақтау шаралары мамандар тарапынан тұрақты түрде жүзеге асырылуда.