Түркістан қаласында ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын Б.Майлин көшесінде реконструкция жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 30%-ды құрайды.
Жоба аясында жол сапасын жақсарту, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және заманауи талаптарға сай инфрақұрылым қалыптастыру мақсатында төрт жолақты асфальт жол, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ және жасыл белдеулер мен жол белгілері қарастырылмақ.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қарқынды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.