Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов мектеп мұғалімдерімен ашық форматта кездесу өткізді. Жиынға қаладағы білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп психологтары мен педагогтар қатысып, саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісінің сапасын арттыру, оқушылардың білім деңгейін көтеру, сондай-ақ тәрбие жұмыстарының тиімділігін күшейту бағытындағы негізгі мәселелер қаралды. Мұғалімдер тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, оларды жүйелі түрде іске асыру жолдары пысықталды.
Жиын қорытындысында Мадияр Әліпов жас ұрпақ тәрбиесінде білім беру ұйымдарының, ата-аналардың және қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, бұл бағыттағы ортақ жауапкершілікті күшейтіп, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу қажеттігін жеткізді.