Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері арасында өткен футболдан республикалық турнирде Түркістан қаласының коммуналдық шаруашылық мекемесінің құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Спорттық дода Қазақстанның коммуналдық қызметкерлері кубогы аясында ұйымдастырылып, Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы мен салаға жауапты комитеттің қолдауымен өткізілді. Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен коммуналдық шаруашылық саласының мамандары қатысып, өзара бақ сынады.
Байрақты бәсеке барысында Түркістан өқаласының командасы жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен кәсіби шеберлікті танытып, тартысты ойындарда қарсыластарынан басым түсті.