АРЗАН БАҒАДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

АРЗАН БАҒАДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан қаласында кезекті азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнімдер ұсынылуда.
Жәрмеңкеге Арыс қаласы, сондай-ақ Сайрам және Түлкібас, Ордабасы аудандарының шаруалары қатысып, сүт және ет өнімдері, көкөніс пен мен өзге де азық-түлік түрлері өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуда.
Сонымен қатар, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген тауарлар да нарықтағы бағадан 30–40 пайызға дейін төмендетілген бағамен сатылуда.