БИЛЬЯРДТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

БИЛЬЯРДТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Бүгін «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бильярдтан ардагерлер арасында қалалық біріншілік өтуде.
Шараның ашылуына арнайы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, облыстық ақсақалдар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ардагерлер мен спорт жанкүйерлері қатысты.
Аталған турнир өзара бәсекелестікті арттырумен қатар, ардагерлер арасында достық қарым-қатынас пен өзара құрметті нығайтуға бағытталған. Біріншілік барысында қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен мол тәжірибелерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін құруда.
Үздік өнер көрсеткен қатысушылар мен жеңімпаздар арнайы диплом, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.