«ТӘРТІПТІ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ДА ҮЛГІЛІ!» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

«ТӘРТІПТІ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ДА ҮЛГІЛІ!» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Бүгін «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында «Тәртіпті елдің ұрпағы да үлгілі!» тақырыбында қалалық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов төрағалық етіп, қала прокуратурасы, ардагерлер кеңесі, төтенше жағдайлар қызметі өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары баяндама жасап, мектеп психологтары мен ата-аналар қатысты.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасындағы тәрбие мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ата-ана мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, білім саласының мамандары оқу жылы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері тәртіп пен заң талаптарын сақтау бағытында өз ұсыныстарын білдірді.
Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелері де кеңінен қамтылып, ата-аналарға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында Мадияр Бақтыбайұлы жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ана мен білім беру ұйымдарының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ортақ жауапкершілікті күшейту қажеттігін жеткізді.