КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАУДА

КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТІ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАУДА
Бүгін қала аумағында орталық көшелердің бірінші желісінде орналасқан кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін сәулеттік талаптарға сәйкестендіру мақсатында рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әдһам Өмірзақтың қатысуымен, жауапты мамандармен бірлесе отырып, Б.Сатарханов даңғылы бойындағы нысандардың сыртқы келбеті, маңдайша жазулары мен жарнамалық құралдарының қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігі тексерілді.
Нәтижесінде бірқатар нысандарда сыртқы жарнама талаптарының сақталмағаны анықталып, кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рұқсатсыз орнатылған жарнама элементтері бойынша ескертулер беріліп, оларды заңнама талаптарына сәйкестендіру қажеттігі атап өтілді.
Айта кету қажет, қала аумағында сыртқы жарнама орналастыру кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтау міндетті. Рұқсатсыз орнатылған жарнамалық құрылымдар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.