ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ТУРИСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ТУРИСТІК ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және туристік тасымал қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өтті.
Іс-шараға Түркістан қаласының прокуроры Кәукен Нәрікбаев, қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, Полиция басқармасының бастығы Жасұлан Нысанбаев және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, саладағы өзекті мәселелерді назарға алды.
Рейд барысында электрокар жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп, көлік құралдарын пайдалану талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың көлік басқаруына заңмен тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде талапқа сәйкес келмейтін құжаттары бар электрокарлар анықталып, белгіленген тәртіпке сәйкес айып тұрағына жеткізілді.
Бұдан бөлек, рухани-мәдени орталық аумағында заңсыз сауда-саттықтың алдын алу бағытында бақылау шаралары күшейтіліп, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.