Түркістан қаласында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, жоғары деңгейде атап өтілді. Қала аумағындағы секторлар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде тұрғындар бірлесе отырып, ұлттық дәстүрге сай мазмұнды мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Мереке аясында ауызбіршілік пен қайырымдылықтың жарқын үлгілері көрініс тапты. Қала тұрғындары игі бастамаларға ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, баспана алып беру секілді сауапты істерді жүзеге асырды.
Бүгін Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтар арнайы марапаттарға ие болды. Түркістан қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сүлеймен Арыстанов бірқатар белсенді тұрғындарға Алғыс хат табыстап, олардың еңбегіне құрмет көрсетті.
Марапатталған азаматтар өз кезегінде көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.