Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді ертең, 11 сәуір күні өтетін футбол матчына шақырамыз.
Аталған кездесуде «Қайсар» командасы «Атырау» клубымен шеберлік байқасады.
Ойын сағат 15:00-де «Түркістан Арена» стадионында басталады. Жанкүйерлер үшін арнайы автобустар ұйымдастырылады.
Тартысты ойынның куәсі болып, сүйікті командаңызға қолдау көрсетуге шақырамыз!