КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жақсарту және инфрақұрылымды жүйелі дамыту бағытында қасбеттерді жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа қала аумағындағы тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, іргелес аумақтар тазартылды. Биыл 9 және 11 көшелерде орналасқан 10-нан астам көпқабатты тұрғын үйде жаңғырту жұмыстары қолға алынған.
Жұмыстар барысында фасадтарды жаңарту, кіреберістер мен қоршауларды жөндеу, сондай-ақ аумақты абаттандыру іс-шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.