Бүгін Түркістан қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және туристік тасымал қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық әкімдіктің Бизнесті қолдау және туризм бөлімі мен Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің бірлесуімен рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара барысында электрокар жүргізушілерінің құжаттары тексеріліп, кәмелетке толмағандардың көлік құралын басқаруына тыйым салынатыны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде құжаттары талапқа сай келмейтін электрокарлар анықталып, белгіленген тәртіппен айып тұрағына жеткізілді.
Сонымен қатар, Рухани-мәдени орталық аумағында заңсыз сауда-саттықтың алдын алу бағытында бақылау шаралары ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, қала аумағында тазалық, тәртіп және қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты назарда болады.