ТУРИЗМ МЕН КӘСІПКЕРЛІК САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТУРИЗМ МЕН КӘСІПКЕРЛІК САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Туризм және кәсіпкерлік салаларындағы индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында 2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жиынға Түркістан қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Әдһам Нұрсұлтанұлы, сала мамандары мен кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібінде аталған салалар бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер кеңінен қаралды.
2026 жылдың І тоқсанына белгіленген негізгі индикаторлық көрсеткіштерге сәйкес, ішкі туристер санының өсу қарқынын 119,1 мың адамға, шетелдік туристер санын 7,9 мың адамға жеткізу, сондай-ақ негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемін 58,0 млрд теңге деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жиын барысында көрсеткіштердің орындалу деңгейі сараланып, орын алған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, туризм инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі атап өтілді.
Жиын соңында бөлім басшысы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеп, индикаторлық көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, белгіленген межелердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттігі ескертілді.