ТҮРКІСТАНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімдігінің дербес бөлімдері, Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы және «Тұран Су» МКК қызметкерлерінің қатысуымен күннің ысуына байланысты қала аумағындағы су айдындарына мониторинг жүргізу үшін арнайы топ құрылды.
Мониторинг жұмыстары су АТК каналы, Қарашық өзені, сондай-ақ саябақтардағы жасанды көлдер мен субұрқақтар аумағын қамтыды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – жаз мезгілінде су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Аралау барысында жауапты мекемелерге бірқатар ұйымдастырушылық тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, суға түсуге тыйым салынған қауіпті аумақтардағы ескерту белгілерін жаңарту және олардың санын арттыру, сондай-ақ АТК каналы мен Қарашық өзені бойында қауіпсіздік тростарын орнату орындарын белгілеу тапсырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.