ТҮРКІСТАНДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА ЖОСПАРЛЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ
Түркістан қаласында бүгін, 8 сәуір күні жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Электр қуаты таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00 аралығында кезең-кезеңімен сөндіріледі. Аталған шектеу Кентау аймақтық электр желілерінің «Түркістан» қосалқы станциясында жүргізілетін техникалық жұмыстарға байланысты енгізіліп отыр.
Электр энергиясын уақытша өшіру қаланың Яссы және Шауғар аудандарындағы бірқатар көше мен әлеуметтік нысандарын қамтиды.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұраймыз.