Ойын басталар алдында стадионда көрермендерді жинап, трибуналарға
тартып, ерекше атмосфера қалыптастыратын қарқынды DJ-сет өтеді.

Стадионға кіреберісте қонақтарды команда атрибутикасын киген аниматорлар
қарсы алады, жанкүйерлермен бірге ұлттық ойындар - арқан тартыс, ләңгі,
асық, «шекемтас» ұйымдастырып, балалармен ойнап, естелікке суретке түседі.
Стадион аумағында фотозоналар мен фотобудкалар орнатылады.