«ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ, ТӨРІМЕ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«ТӨРЛЕТ, НАУРЫЗ, ТӨРІМЕ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Бүгін Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Төрлет, Наурыз, төріме» атты салтанатты іс-шара өтті. Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрлерді жаңғыртуды мақсат еткен мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы және «Құрмет» орденінің, «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков қатысып, тұрғындарды әз-Наурыз мерекесімен құттықтады. Олар өз сөздерінде Наурыздың ел бірлігін нығайтатын, ырыс пен берекенің бастауы саналатын ерекше мереке екенін атап өтті.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық нақыштағы сахналық қойылымдар көрсетіліп, әсем ән мен мың бұралған би көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Айта кетейік, Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар алдағы уақытта да қала аумағында жалғасын табатын болады.