Құрметті ағайын!

Құрметті ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті мереке – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймыз!
Берекелі Рамазан айында жасаған игі амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Ораза айт әр шаңыраққа қуаныш, ырыс-береке, амандық пен шаттық әкелсін. Ел бірлігі нығайып, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болғай!
Айт қабыл болсын!