Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласында тұрғындар мен қала қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ауқымды дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Шаһардың басты көшелері мен туристік аймақтары ұлттық нақыштағы безендірулермен көмкеріліп, жаңару мен жаңғырудың символына айналған әз-Наурыздың рухы айқын сезілуде.
Қала аумағында мерекеге орай арнайы безендіру жұмыстары жүзеге асырылып, 7 нысан аумағына «Наурыз» жазуы бейнеленген баннерлер мен билбордтар орнатылды.