Жалпы жоспарға сәйкес, шаһар аумағында 2 миллионға жуық гүл отырғызу көзделген. Аталған жоба аясында петуния, бархатцы, циннея, виола, катарантус, сальвия, колеус және целлозия секілді әртүрлі гүл түрлері егіліп, қала келбетіне эстетикалық көрік беруге басымдық берілуде.
Көгалдандыру жұмыстары қаланың негізгі кіреберіс аймақтарын, туристік нысандар маңын, орталық көшелер мен қоғамдық орындарды қамтиды.