ҚАЛАДА КӨКТЕМГІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЛАДА КӨКТЕМГІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қала аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар аясында туристік нысандарда, көшелерде және тұрғын үйлердің аулаларында санитарлық тазалықты сақтау, аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала келбетін жақсарту мақсатында газ бекеттерінің сыртқы келбетін жаңарту, атап айтқанда, сырлау жұмыстары жүргізілуде.