Сіздерді Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен және "Аманат партиясының қолдауымен"өткелі отырған Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің қарсаңында "Құрмет" орденінің және "Алтын" домбыраның иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналған "Алаштың Бекарысы- айтыстың Бейбарысы" атты Республикалық "Наурыз" ақындар айтысына шақырамыз!
Аламан айтысқа Мақсат Ақанов, Мұхтар Ниязов, Анар Жаппарқұлова, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Иранғайып Күзенбаев бастаған кіл жүйріктер қатысады.
Айтысымызда қазылар алқасының төрағасы: Ақын, ""Отан" орденінің иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман.
Айтыстың жүргізушісі: Қазакстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, айтыскер ақын Аманжол Әлтай